Уваров Николай Федорович
1923 жылы 10 желтоқсанда туған. Ресей Федерациясы, Вологда облысының тумасы.
Атағы. Кіші сержант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысында 5-ші Екпінді Армияның артиллерия қолбасшысының штабтық батареясының барлау взводының бөлімше командирі ретінде соғысқан. 1945 жылы қазанда әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. «Первое Мая», «Жаңа Тілек» ұжымшарларында бастауыш партия ұйымдарының нұсқаушысы, хатшысы, аудандық байланыс бөлімшесінің меңгерушісі (Баянауыл ауданы), Ермак ферроқорытпа заводының слесарі болып жұмыс істеген. (Ермак қ. Павлодар облысы).
Марапаттары. Отечественной войны I степени, Красной Звезды ордендері; «За отвагу», «За боевые заслуги», «За освобождении Варшавы», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдары; төсбелгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».