Уралов (Оралов) Серік Рахымұлы 1923 жылы 19 қыркүйекте туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 1998 жылы 18 қыркүйекте Павлодар облысы Қашыр ауданы, Қашыр ауылында қайтыс болған.
Әскери білімі, мамандығы. Радиотелеграфисттер мектебі. (1942); ракета әскерлері және артиллерия радио-маманы, бөлімше командирі.
Атағы. Сержант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы ақпаннан кешіктірмей шақырылған. Ұлы Отан соғысында 1043-артиллерия полкі құрамында; 237-запастағы атқыштар полкі құрамында бөлімше командирі ретінде соғысқан. (Калинин майданы). 1944 жылы жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Шаруашылық меңгерушісі, жұмысшы комитетінің төрағасы, Омбы темір жолының №4 кеншарының учаске бастығы, (Омбы облысы, РКФСР). Максим-Горький аудандық атқару комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі, «Ынталы», «Победа», «30 лет Казахской ССР» ұжымшарларының төрағасы, Қашыр астық қабылдау пунктінде еңбекті қорғау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. (Максим-Горький ауданы, Павлодар облысы).
Марапаттары. Отечественной войны I степени, Красной Звезды ордендері; «За отвагу» (две), «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдары.