Усманов Файзулла Камалитинович 1919 жылы 10 ақпанында туған. Павлодар облысы, Павлодар ауданы Чернорецк ауылының тумасы. (Ұзынбұлақ ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы).
Атағы. Лейтенант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылы қарашада шақырылған. Ұлы Отан соғысына Карель майданында 104-зеңбіректі артиллерия полкі құрамында оқ-атыс взводы командирі ретінде; Солтүстік флотының Солтүстік қорғаныс аймағының 104-зеңбіректі артиллерия полкі, бастығы ретінде қатысқан. 1947 жылы наурызда әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Песчаное балалар үйінің меңгерушісі, (Максим-Горький ауданы, Павлодар облысы), Қазақ КСР IIМ Павлодар облысы бойынша Баянауыл аудандық бөлімінде оперативтік уәкілі, Қазақстан Компартиясы Баянауыл аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. (Баянауыл ауданы Павлодар облысы).
Марапаттары. Отечественной войны II степени, Красной Звезды ордендері; «За отвагу», «За боевые заслуги», «За оборону Советского Заполярья», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары.