1926 жылы 7 ақпанда туған. Павлодар облысының тумасы.
Атағы. Қатардағы жауынгер.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысында Польша, Германия аймағында әскерлер құрамында соғысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Абай атындағы №2 алтын іздеушілер артелінде бригадир, тау-кен мастері, «Майқайыңалтын» комбинатының капиталдық құрылыс бөлімінде құрылыс учаскесінің қосалқы шаруашылық өндірісінің меңгерушісі, техникалық жабдықтау бөлімінің экспедиторы (Баянауыл ауданы), Сольветка кентінде кітапхана меңгерушісі, «Ертіскөмірқұрылыс» трестінің Қалқаман құрылыс-монтаж басқармасының 8-ші құрылыс учаскесінде балташы, мастер-прорабы, Қазақстан Компартиясы Ермак аудандық комитетінде нұсқаушы болып жұмыс істеген. (Ермак ауданы, Павлодар облысы).