Хамитов Шамкен Хамитович

1920 (1922) жылы 2 қаңтарда туған. Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Аға лейтенант.

Жауынгерлік жолы.  ЖШҚА-ға 1940 жылы қазанда шақырылған. Ұлы Отан соғысына 2-ші Прибалтика майданында 137-жеке атқыштар бригадасының 3-ші жеке атқыштар батальоны құрамында 2-ші атқыштар ротасының командирі ретінде; 26-атқыштар дивизиясы, 87-атқыштар полкі құрамында атқыштар ротасының командирі ретінде қатысқан. Латвияны, Польшаны, Шығыс Пруссияны азат етуге қатысқан.

Еңбек жолы. Александровка орта мектебінде физика және математика мұғалімі, (ОЭЖ) ЦЭС селосында мектеп директоры, Майқайың мектеп-интернатының оқытушысы болып жұмыс істеген. (Баянауыл ауданы, Павлодар облысы).

Марапаттары. Красного Знамени, Отечественной войны І степени, Отечественной войны ІІ степени, Красной Звезды, Трудового Красного Знамени ордендері; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Ветеран труда», «За трудовое отличие» медальдары; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдары.