Чунихин Борис Архипович

Чунихин Борис Архипович

1924 жылы 11 мамырда туған, Украина Кировогород облысының тумасы.

Әскери білімі, мамандығы. 8-ші оқу атқыштар полкінің полк мектебі (Өзбек КСР, Ферғана қ. 1943), минометші.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың желтоқсанында шақырылған. 378-ші атқыштар дивизиясы 1273-ші атқыштар полкі құрамында 82-мм миномет взводы командирінің көмекшісі ретінде, 112-ші (армеялық) запастағы атқыштар полкі құрамында соғысқан (Карель, 4-ші Украин майдандары). 1-ші Қиыр Шығыс майданы іскерлері құрамында Жапониямен соғысқа қатысқан. 1947 жылдың наурызында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Майқайың кеніші механикалық цехының токарі, хронометражисі, мөлшерлеуші, кеңіштің кадрлар бөлімі басшысы, «Майкаинзолото» комбинаты құрылыс  учаскесінің мастері, кадрлар бөлімі басшысы болып істеген (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).

Марапаттары. Орден:  Отечественной войны I степени; медали: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За победу над Японией», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар:   «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы», «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков атындағы», белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».