1892 (1900) жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл а. тумасы; 1989 жылдың қарашасында қайтыс болған, Павлодар облысы Ақсу қ. Сынтас а.
Атағы. Гвардия қатардағы.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың наурызында шақырылған. 24-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 72-ші гвардиялық атқыштар полкі құрамында соғысқан (Оңтүстік, 4-ші Украин майдандары). Евпатерию қ. үшін шайқастарға қатысқан (РКФСР).
Жапониямен соғысқа қатысқан. 1946 жылдың мамырында әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Павлодар облысы Ермак ауданы «Потанинский» кеңшарында малшы болып істеген.
Марапаттары. Орден: Отечественной войны II степени; медальдар: «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За победу над Японией», «За трудовое отличие», «За освоение целинных земель».