Шақтаев Әмірхан

Шақтаев Әмірхан

1924 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қаражар ауылының тумасы.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы шақырылған. Соғыста 79-шы гвардиялық мотоатқыштар полкі құрамында курсант; 1062-ші зениттік-артиллериялық полк құрамында электр механигі ретінде соғысқан. Әскерден 1947 жылы қайтарылды.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданында шұғыл-қаржы есебі меңгерушісі, Александров мектебінде мұғалім, ОЭС кентіндегі жетіжылдық мектептің директоры, Ұзынбұлақ, Қаражар сегізжылдық мектептерінің директоры қызметтерін атқарған.

Марапаттары. Ордендер:  Отечественной войны II степени, Славы III;  медаль: «Еңбек ардагері», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».