Шорманбаев (Чернобаев) Жұмажан Бержанұлы

Шорманбаев (Чернобаев) Жұмажан Бержанұлы

1909 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2001 жылдың 17 қыркүйегінде қайтыс болған, Екібастұз қ.

Әскери білімі. Полк мектебі (Ашхабад қ., 1942); жаяу әскер училищесі (Андижан қ., 1943).

Атағы. Лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылы шақырылған. Воронеж майданы 7-ші гвардиялық әскерінің рота командирі; 1-ші Украин майданының 276-шы атқыштар дивизиясы 876-шы атқыштар полкі құрамында атқыштар ротасының командирі ретінде соғысқан. Украинаның оң жағалауын азат етуге қатысқан. 1944 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Ташкент қ. әсери  комендатурасында (Өзбек КСР), Павлодар облысы Үрлітүп ауданының әскери комиссариатында қызметкер, Лозов ауданының аудандық мал шаруашылығы бөлімінде, Қазақстан Компартиясы Лебяжі аукомының әскери бөлімінде меңгеруші, аудандық сауда бөлімінде меңгеруші, Екібастұз қ. СОФ мектебінде директор, «Иртышуглестрой» тресінің ЖКБ басшысының орынбасары, Ворошилов ат. Ұжымшарында партия ұйымдастырушысы, Екібастұз қ. №5 ҚМБ партия ұйымдастырушысы болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары.  Ордендері: Отечественной войны I степени,  Отечественной войны II степени; медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісінің елу жылдығы», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі; белгілер: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».