Шукубаев Шаймардан Смағұлұлы
1920 жылы туған, Ресей Федерациясы Новосібір облысы Қарасауық ауданының тумасы.
Атағы. Кіші сержант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың 25 тамызында шақырылған. 120-мм минометтер батареясының нысанашысы; 28-ші армия 130-шы атқыштар дивизиясы 371-ші атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальоны құрамындағы атқыштар взводы командирінің кқмекшісі ретінде соғысқан (3-ші Украин майданы). Украинаны, Шығыс Пруссияны азат етуге қатысқан.
Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінде тұрған.
Марапаттары. Отечественной войны I степени, Красной Звезды ордендері; «За отвагу», [«За боевые заслуги»], «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Ветеран труда» медальдары; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Вооруженным силам СССР 60 лет» мерейтойлық медальдары; «За трудовую доблесть» медалі.