Шүмәнов Нақышпан Ыбырайұлы

Шүмәнов Нақышпан Ыбырайұлы

1910 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы.  ЖШҚА-ға 1941 жылы шақырылған. 314-шы атқыштар дивизиясының 1076-шы атқыштар полкі құрамындағы танкіге қарсы қару ротасында бөлімше командирі; 25-ші оқу-танк полкіндегі 2-ші батальонның 1-ші ротасында Т-34 зеңбірек командирі ретінде соғысқан.

Еңбек жолы. «Майкаинзолото» комбинатында кассир, алтын қабылдаушы, кеніште техникалық жабдықтау басшысы, «Төрт құдық» бөлімшесінде азық-түлікпен жабдықтау басшысының орынбасары, Екібастұз ауданы «Степной» кеңшарында аға шопан болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Орден: Отечественной войны I степени; медальдар: «За отвагу», «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За взятие Кенигсберга», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы»; белгі: «1941-1945 жж. соғыс ардагері».