Шәпенов Болат Шәпенұлы

Шәпенов Болат Шәпенұлы

1926 жылдың 28 желтоқсанда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылының тумасы; 1997 жылы қыркүйекте қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз қаласы.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1944 жылы шақырылған. Соғыста 57-ші механикаландырылған полкі құрамында атқыш; 44-ші жеке мотоциклет батальоны құрамында қатардағы; 10-шы механикаландырылған полкте делбеші, 14-ші танк полкі құрамында қатардағы; 9-шы гвардиялық атты әскер полкі құрамында аспазшы; 61679-шы әскери бөлімінде аспазшы ретінде соғысқан. Әскерден 1950 жылы қайтарылған.

Еңбек жолы. Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында пошта бөлімінің басшысы; Екібастұз қаласындағы «Орталық» көмір разрезде экскаватор машинасінің көмекшісі, Екібастұз қаласының ішкі істер органдарында қызмет істеген.

Марапаттары. Орден Отечественной войны II степени; медальдары: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За взятие Берлина»; мерейтойлық медалі: «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», белгі: «Отличник милиции».