Шөкібаев Шаймардан

1920 жылы Новосібір облысы, Қарасуық ауданы, Вольных ауылында дүниеге келген.

Әскер қатарына 1942 жылы Баянауыл ауданының әскери комиссарияты арқылы  шақыртылды. Сол жылдан 1994 жылға дейін 371-інші атқыштар полкінің сапында майдан шебіне шықты. 3-інші Белоруссиялық әскер қатарында көптеген шайқастарға қатынасты. Кенигсберг түбіндегі қанды майданның бірінде оң қолынан ауыр жарақат алады. 1945 жылға дейін тиісті ем-домдарды қабылдайды.

1949 жылы Мәскеу қаласындағы қаржылық техникумын бітіріп, мамандығы бойынша «Майқайыңалтын»  комбинатында көптеген жылдар бойына еңбек етті. Төртқұдық руднигінде есепші болып қызмет атқарды.  1971 жылы Ұзынбұлақ ауылына келіп,  ауылдық округтің есепшісі болып, еңбек етті. Жұбайы Шайкина Жазирамен бірге 9 бала тәрбиелеп өсірді. Майдан даласындағы ерлігі мен бейбіт жылдардағы адал еңбектері үшін «Қызыл жұлдыз», «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордендері мен «Ерлігі үшін», «КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20,30,40,50 жыл», «1941-1945 жылдардағы ҰОС Германияны жеңгені үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталып, «Еңбек ардагері» атанды.

1988 жылы өмірден өтті.