Ыбраев Қамит Ыбырайұлы

Ыбраев Қамит  Ыбырайұлы 1917 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2001 жылдың 6 наурызында қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз қ.

Әскери білімі, мамандығы. Ұшқыштар мектебі (1939); КСРО АӘФ жоғары ұшқыштарды  дайындау курстары (1943), әуе атқышы – бортрадиошысы.

Атағы. Ерекше міндет жүктелген  авиацияның 2- ші көліктік авиациялық  полкі құрамында соғысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысының Баянауыл ауданы Майқайың кенті орта мектебінде, Қарағанды қ. Абай ат.мектепте мұғалім, Екібастұз қ.арнайы мектептің директоры, № 1 жұмысшы жастар орта мектебі  оқу ісінің меңгерушісі, директоры болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны ІІ степени, Красной Здвезды; медальдары: «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы», Кеңес Одағының  Маршалы  Г.К.Жуков медалі; белгі: «25лет Победы в Великой Отечественной войне ».