Ыбыраев Қадырбек

Ыбыраев Қадырбек 1925 жылдың 20 ақпанында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Сержант

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың қаңтарында шақырылған.

Жапониямен соғысқа 17-армияның 36-шы мотоатқыштар дивизиясы 76-шы мотоатқыштар полкі құрамында мерген ретінде қатысқан.

Еңбек жолы. 350-ші авияциялық полктің (РКФСФР Чита қ.) аға моторшысы, Павлодар облысы Майқайың кенішінде дизель электростанциясы машинисінің көмекшісі, Павлодар облысы «Майқайыңалтын» комбинаты өрт күзеті басшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары, арнайы жұмыс жөніндегі аға инспекторы, Павлодар облысы «Майқайыңалтын» комбинаты «Жосалы» кенішінің құпия жұмыстар жөніндегі аға инспекторы, Павлодар облыстық қаржы бөлімінің кадрлар бөлімі басшысының уақытша міндеттерін атқарушы, Павлодар облысы Қазақстан Компартиясы Каганович аукомының нұсқаушысы болып істеген.

Марапаттары: Медалі «За победу над Японией».