Ысқақбеков Мұқаш

Ысқақбеков Мұқаш  1911 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында өмірге келді.

Атағы. Рота старшинасы.

Жауынгерлік жолы. 1933 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылды. Москва өабырғасынан басталған соғыс соқпағы жау құзғандарының мықты бекініс Венаға дейін жалғасады.

Еңбек жолы. Қолына комсомолдық жолдама беріліп, өңірдегі сауатсыздықты жою ісіне белсене араласады. Алғашқы сауатсыздар мектебін, ұжымшарларды басқарды. Екі жыл ұжымшар төрағасы болған майдангер қалған өмірін қаржы саласының қызметіне арнады. 1957 жылға дейін Омбыда жауапты қызметте болған.

Марапаттары. Ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» ордені, Яссы-Кишинев бағытындағы ұрыста I дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені. 12 жауынгерлік медалі.