Ысқақов Нұрсейіт

Ысқақов Нұрсейіт 1917 жылы туған. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылының тумасы.

Әскери мамандығы. 82 мм және 120 мм минометтер минометшісі.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылдың 5 қыркүйегінде шақырылған. Ұлы Отан соғысына Батыс майданның 18-моторланған полкі құрамында минометші ретінде қатысқан. 1943 жылы 27 желтоқсанда жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы, Баянауыл ауданының «Майқайың алтын» комбинатында бухгалтер болып жұмыс істеген.

Марапаттары. «За боевые заслуги» медалі.