Ысқақов Қамза Ысқақұлы

Ысқақов Қамза Ысқақұлы  1918 жылы сәуір айында, Ақтоғай ауданының №25 ауылында дүниеге келген.

Жауынгерлік жолы. 1945 жылдың қаңтар айында Новосібір облысының Шилов ауданының Қызыл әскер қатарына шақырылған. Кеңес Одағы мен Жапония арасындағы соғысқа қатысқан.

Еңбек жолы.  Қиыр шығыста  1950 жылға дейін әскери қызметін жалғастырған. 1950-1964 жылдары аралығында Новосібір облысында қызмет еткен. Баянауыл ауданының Жосалы совхозында түрлі лауазымды қызметтер атқарады.

Марапаттары. «За победу над Японией» медалі; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»  мерейтойлық  медалі.