Ықыласов Әбікен Сембекұлы

Ықыласов Әбікен Сембекұлы 1925 жылдың 25 қарашасында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2006 жылдың қарашасында қайтыс болған, Павлодар облысы қашыр ауданы Федоровка а.

Әскери білімі, мамандығы.         Тамбов әскери жаяу әскер училищесі (Семей қ., 1943), бөлімше командирі.

Атағы. Қатрадағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың тамызында шақырылған. 2-ші Украин майданының 53-ші атқыштар дивизиясы 12-ші атқыштар полкінің бөлімше командирі, 3-ші Украин майданының 223-ші атқыштар дивизиясы 39-шы атқыштар полкінің қатардағы жауынгері ретінде соғысқан. 1945 жылы жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар ауданы Жаңаауыл ауылдық кеңесінің хатшысы, Павлодар ауданы «Төңкеріс» ұжымшарының бухгалтер-есепшісі, Павлодар ауданы 12-ый годовщины Октября ат. Ұжымшар бухгалтерінің көмекшісі, Максим Горький ауданы «Байқоныс» кеңшары бөлімшесінің зоотехнигі, партия ұйымының хатшысы, Қазақстан Компартиясы Максим Горький аукомының Трофимов  МТС аумағы бойынша нұсқаушысы, Қашыр ауданы Песчан ауылдық кеңесінің (Павлодар облысы) хатшысы болып істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны II степени, Красной Звезды; медальдар: «За боевые заслуги», «За взятие Вены», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За трудовую доблесть», «За освоение целинных земель».