Ізбастин Рымтай Ізбастыұлы

Ізбастин Рымтай        Ізбастыұлы 1923 жылдың 1 мамырында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл а. тумасы; 2008 жылдың 19 қарашасында қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл а.

Әскери мамандығы. Барлаушы-ариллерияшы.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың 5 мамырында шақырылған. 40-шы атқыштар дивизиясының 178-шы атқыштар полкі құрамында бөлімше командирі ретінде  Жапониямен соғысқа қатысқан. 1947 жылдың 25 наурызында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Баянауыл аудандық халыққа білім беру бөлімінің нұсқаушысы, Баянауыл аудандық әлеуметтік қамтамасыз етудің аға инспекторы, Қазақстан КП (б) Баянауыл аукомының үгіт және насихат бөлімі меңгерушісі, Баянауыл аудандық атқару комитетінің, Баянауыл ауданы  Баянауыл МТС партия бюросының, Баянауыл ауданы «Алексеев», «Александров», «Баянауыл» кеңшарлары партия комитеттерінің хатшысы, Қазақстан Компартиясы Баянауыл аукомының инспекторы, нұсқаушы-партия ұйымдастырушысы, идеологиялық бөлімінің меңгерушісі, Баянауыл ауыл шаруашылық және дайындамалар жұмысшылары және қызметкерлерінің кәсіподағы төрағасы, Баянауыл агроөнеркәсіптік бірлестігі оқу-курстық комбинатының директоры, Баянауыл АКТУ-27 жаппай мамандықтар кадрларын даярлау және қайта даярлау маманы, Баянауыл аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының (Павлодар облысы) аудармашысы болып істеген. Павлодар облысы Баянауыл ауданының құрметті азаматы.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны II степени, «Знак Почета»; медали: «За победу над Японией», «За трудовую доблесть», «За освоение целинных земель»; юбилейные медали: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Советского Союза Жукова Г.К.