Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті.

10 желтоқса Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар – намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қамықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне алғашқы қадам болған, өз елінің тәуелсіздігі, еркіндігі, өз халқы үшін 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі. Бұл күні алаңға барған жастар оларды азаптап, соққыға салынатындықтарын , оларға «ұлтшыл» деген атақ беретінін білген жоқ. Олар тек өздерінің Қазақстан жерін қазақ немесе Қазақстандық азаматының басқарғанын қалап, осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек болды.Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай, Желтоқсан құрбандарын еске ала отырып «Желтоқсан жаңғырығы» атты еске алу сағаты өтті. Шарамызға Зейтін Ақышев атындағы Адамбекова Сандуғаш «Сабираның монологы» оқыды, Абенов Ералы
Егіндібұлақ клубының әдіскері Қайрат Рысқұлбековтың «Түрмеден хат» монологы, Шапық Шокин атындағы мектептің 9-сынып оқушылары, оқушылар Желтоқсан оқиғасының құрбандарын Қ.Рысқұлбеков,Асанова Л.,С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаевтың өмір жолдарын айтып берді. Халықаралық «Павлодар Мюзик Фестивал» байқауының Гран-При иегері Сұңғатбек Назерке «Тәуелсіз қазақ қызымын» әнін, Серік Нұрияның «Қазақстан» әнін орындады, Желтоқсан оқиғасы туралы тың деректермен тарих пәнінің ұстазы Алма Ғалымовна, сондай-ақ Желтоқсан оқиғасы кезінде жас маман болып жүріп,елде болып жатқан жағдайға куәгер болған, Ш.Айманов ат.мектеп-интернатының қазақ тілі және әдебиет пәнінің ұстазы Ғалия Тоқбайқызы қатысып Желтоқсан оқиғасы жайлы айтып берді.

 

INSTAGRAM