Кітапхана – рухани жаңғыру ошағы.

Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Кітапхана – рухани жаңғыру ошағы.
Ауданымыздың жас оқырмандарын кітапханаға шақыра отырып, таңғажайып ертегілер мен жаңа әдебиеттермен аудандық орталық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде кітап қоры толығып жатқанын хабарлаймыз.
«Менің сүйікті ертегілерім» сериясымен шыққан «Ертегілер ғаламшары», «Жеті дарияның аржағында, жеті қырдың астында», «Ғажайыптар мен сиқырлар патшалығы» атты жинақтар мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы кішкентай оқырмандарға арнап, ең жақсы көркем шығармаларды ұсынады.
Ашық суреттермен безендірілген кітапшалар кішкентай оқырмандарды орыс және қазақ ауыз әдебиеті мен әлемге танымал балалар жазушыларының ең жақсы шығармаларымен таныстырады.
Балалар әдебиет бөлімі өзінің жас оқырмандарын шақырады!

Instagram
Facebook