«Әділ патша»

Асығыныздар бізге, жаңа кітаптар бізде….
Кітапханамыздың кітап қорында балалар әдебиетінің алар орны ерекше.
Сіздерге әділдікті дәріптейтін сыртқы мұқабасынан бастап, түрлі түсті тартымды суреттермен өрнектеліп, өсіп келе жатқан балақайлардың бірден назарың аудартатын «Отбасы хрестоматиясы» жобасымен жарық көрген «Әділ патша» атты ертегілер кітабын ұсынамыз.
Суреттегі ертегі кітапша қызықты әңгімелерден құралған. Түрлі-түсті суреттері бар, аудиосын тыңдайтын QR коды да қамтылған бар.
Ертеде Түркістан шаһарында Бектұр деген патша өтіпті. Туралығы талай жұртқа аңыз болып жетіпті. Момынның ақысын жеп, қиянат қылмапты. Дау-дамайда тізесін қисық бұрмапты. Жоқ-жітіктің бәріне бауыр екен. Әр сөзі қорғасындай ауыр екен. Адалдығы мен жомарттығы да халқына білінді. Бір күні оған екі шаруа арызын айтып жүгінді. Патша да көп қарап тұрмады. Екеуінің дауын ықылас қойып тыңдады. Істің аңысын аңдады, мәнісіне ой жүгіртіп барлады. Бұл пақырлар жердің төсін еміп, кәсіп қыларды. Еңбегінің есесін егін егумен сынарды. Бірі екіншісінің алқабын сатып алыпты. Көктем туа сайманын сайлап, жер жыртуға барыпты.
Жалғасы кітапта..

Instagram
Facebook