Жаңа келген кітаптар сіздер үшін!

 

Жаңа келген кітаптар сіздер үшін!
💌 Құрметті кітап сүйер қауым, кітап қорымызға жазушы Роберт Стивенсонның «Қазына аралы» атты романы келіп түсті.
Роман таңғажайып оқиғаларға толы. Автор қазына іздеушілердің қатерлі сапары жайлы баяндайды. Кезінде әлемдегі ұлы империялардың бірегейі саналған ағылшын елі жаңа жерлерді игеруде, дәулетін өркендетіп, қазынасын толтыруда алдына жан салмағаны тарихтан белгілі. Осындай әлеуметтік өсіп -дамудан туындаған сұраныс адам қиялын оятып, оны алыс та қиын, қатерлі сапарларға тартынбай аттанатындай етіп тәрбиелейтін әдебиетке зәру еді. Міне, бүкіл дүниенің бар байлығын уысында ұстауды көксеген ашкөз қоғамның осынау талап -тілегіне орай сол уақыттарда «Қазына аралы» сынды туындылар дүниеге келді.
Бірақ автор сол замандағы әлеуметтік сұраныстарының жетегінде біржақты кетпей, мәселесінің өмірлік мәні бар екінші жағын, алтын мен ақшаға есі кете қызыққан адамдардың жан дүниесін азғындап, қу дүниенің құлына айналып кететіндігін өте сенімді суреттейді.
📚Аталған романды , кітапханамыздан алып оқи аласыздар!

Instagram
Facebook