Табиғат әлемі адамзат жарық өмірге келісімен оның жан-дүниесімен бірге жаралып, жаратылысымен қайран қалдырған. Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Ал адам үшін табиғат аса қастерлі де, қасиетті ұғым. Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден келе жатқан ортасы. Жасөспірімдер бойына қоршаған ортаны қорғау керектігін сіңіру мақсатында 29 наурыз аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде Ш.Шөкин мектебінің 4 «А» сынып оқушыларымен «Табиғатты аялайық» атты экологиялық сағат өтті. Іс-шарада оқушылар табиғат туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтып, өз ойларын ортаға салды. Кеш соңында кітапханашы кітап көрмесімен таныстырып, кітаптарға шолу өткізді.