”Қаныш Сәтпаев – ұлт мақтанышы”

“Қаныш Сәтпаев – ұлт мақтанышы”

Елімізде 12 сәуір “Ғылым күні” аталып өтіледі. Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туған күні де осы күнмен тұспа-тұс. Осыған орай, аудандық кітапхана “Қаныш Сәтпаев- ұлт мақтанышы” атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырды. Сайысқа жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Аталмыш сайыста “Қаныш Сәтпаев мемориалды музейінің” маманы Сансызбай Серікұлы, аудандық кітапхананың кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Айман Саясатқызы төрелік етті.

Білімді оқушылар сайыс барысында 3- кезеңде бақ сынасты. Жарыста оқ бойы оза шапқан Ш.Айманов атындағы мектеп- интернатының оқушыларынан құралған “Болашақ” тобы “Бас жүлдені иеленсе, ой ұшқырлығын таныта білген З.Ақышев атындағы мектептің оқушыларынан құралған “ЖасSTAR” тобы 2-орынды иеленді.

 

@shahmetova_sholpan
@samal_balgabaikyzy
@sh.aimanov.mi
@bayanaul_aqparat
@zeytin_akishev

INSTAGRAM