Сафуан Шаймерденовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Көркем сөздің шебері» атты әдеби кеш.

15-ші сәуір күні Баянауыл аудандық кітапханасында жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Көркем сөздің шебері» атты әдеби кеш өтті. Мақсаты: автор жайлы терең мағлұмат беру. Іс-шараға №3 Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-ші сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Байшина Аяла С. Шаймерденовтың «Қазық» және Қайырбек Ислам «Қарғаш» повестерінен үзінді оқып, ортаға салды. Жазушы туралы деректі фильм көрсетіліп, оқушыларға викториналық сұрақтар қойылды.

INSTAGRAM