Мұса Шорман ауыл кітапханасы. «Кітапты сүйіп оқимыз» атты мерекелік шара.

Мұса Шорман ауыл кітапханасының коворкинг орталығында 23 сәуір- Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай мектеп кітапханашысымен және 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Кітапты сүйіп оқимыз» атты мерекелік шара өткізілді. Мектеп кітапханашысы Балжан апай оқушыларға кітап туралы жұмбақтар жасырып,ауыл кітапханашысы Жанаргүл Мұқатайқызы кітап туралы қанатты сөздермен таныстырып, қызықты трениг ойындары ойнатылды. Шарамыз қызықты да көңілді өтті. Мәнерлеп оқудан, жұмбақ шешуден, ойыннан алға шыққан оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Мақсаты: Жас оқырмандардың кітапханаға деген байланысын одан әрі нығайту, кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды.


@shahmetova_sholpan
@samal_balgabaikyzy
@bayanaul_aqparat

 

INSTAGRAM