«Кітаппен бірге өсеміз» кітапханаға саяхат.

           

 

«Кітаппен бірге өсеміз» кітапханаға саяхат.
Адамзат баласының жер басып өмір сүрген уақытынан, бүгінгі күнге дейінгі басты үш құндылығы: білім, ғылым және өнер. Ал осы құндылықтардың қыр – сырын түсінуге қол ұшын беретін алуан түрлі жаңалықтарды ашуға апаратын бірден – бір жолдың ордасы – кітапхана. Аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі жыл басынан бастап мектептермен байланысты жақсарту, оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жүргізуде. Кітапханашылар оқушыларды кітапханамен, кітапхананың пайдалану ережесімен, оқу залында ұйымдастрылған «Ертегілер еліңде», «Жаңа кітаптар» атты кітап көрмелерімен таныстырды. Оқушылар кітапхананың оқу залы мен абонемент бөлімдерімен танысты. Әр-түрлі викториналық ойындар ойнатылды. Әр бір оқушыға формуляр ашылып, оқушылар әрдайым кітапхананың тұрақты оқырманы болуына қуанып, кітапқа деген сүйіспеншілігі, қызығушылығы артып, үйге кітаптар алды.

FACEBOOK

INSTAGRAM