Мұхтар Әуезовтың туылғанына 125 жыл.

Қазақтың көрнекті жазушысы, академигі, драматургы, ғалымы және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың туылғанына биыл 125 жыл. Атаулы датаға орай Сәтбаев ауыл кітапанахансы «Аңыз адам» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Шара барысында Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндама жасалып, оқырмандарға ұлы жазушы жайлы әзірленген бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар Мұхтар Әуезов туындыларының көрмесі қойылды. Оқырмандар кеш соңында Мұхтарды әлемге танытқан Абайдың әндерін орындап, Абайды ғаламға паш еткен Мұхтардың ұлы роман-эпопеясын талқылап білгендерін ортаға салды.

@shahmetova_sholpan
@samal_balgabaikyzy
@kadyrovask
@bayanaul_aqparat

INSTAGRAM