«Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» атты мерекелік кездесу кеші өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Аудандық кітапханада «Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» атты мерекелік кездесу кеші өткізілді. Кездесуге Баянауыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің орынбасары аға лейтенант Турабай Есболат Азаматұлы және З. Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің бастапқы әскери дайындық мұғалімі Қошанов Қанат Төлеутайұлы, жоғары сынып оқушылары қатысты. Шарада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жайлы бейнефильмдер көрсетіліп, аға лейтенант Есболат Азаматұлы Қарулы күштер мен әскери өмірі жайлы айтып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ мектеп оқушылары әр түрлі көріністер көрсетіп, Баршынбаев Мейіржан кеш қонақтарына өлең шумақтарын тарту етті.

@shahmetova_sholpan
@samal_balgabaikyzy
@kadyrovask
@bayanaul_aqparat

INSTAGRAM