«Денсаулық және спорт» денсаулық сағаты өтті.

              

 

Салауатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға, нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен кісілер «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек. Себебі, дені сау адам- мемлекеттің ең басты капиталы. Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді және өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек. Осы бағытта Аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Денсаулық және спорт» денсаулық сағаты өтті. Шараға бастауыш сынып оқушылары қатысты, «денсаулық дегеніміз не, салауатты өмір салтын қалай ұстануға болады, оның жолдары, спорт туралы білімдерін жетілдірді. Шараның мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы баланың денсаулығын сақтау, нығайту, өз денсаулығына немқұрайлы қарамайтын тұлға қалыптастыру, зиянды, жат әдеттерден аулақ болуға шақыру.

 

INSTAGRAM

FACEBOOK