«Өзің оқы, өзгеге ұсын» тақырыбында буккроссинг.

                          

 

Аудандық кітапхана «Ашық кітапхана» жоба аясында
«Өзің оқы, өзгеге ұсын» тақырыбында орталық алаңда Баянауыл тұрғындарына арнап, буккроссинг өткізілді.
Бұл мәдени шараның мақсаты: көркем әдебиеттердің оқылымнан шығып қалмай, өз оқырманын табуына ықпал ету, тұрғындардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Әлемдік жаһанданумен бірге біздің елге де аяқ басқан осы шараның ерекшелігі – кітап назардан тыс қалып қоймай, қайта айналымға енуінде.
Шара соңында тұрғындар «Буккроссинг» акциясын өткізуді дәстүрге айналдырып, жиі өткізу туралы тілектерін білдірді.

 

INSTAGRAM
FACEBOOK