«Балалар өмір қызғалдағы» атты кітап көрме.

                                             

 

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі С.Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығында балаларға арналған «Балалар өмір қызғалдағы» атты кітап көрме ұйымдастырды. Мәдени-сауық орталығында ұйымдастырылған кең көлемдегі мерекелік шараға жиналған аудан мектептерінің оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері көрмедегі әртүрлі қызықты да мазмұнды, түрлі түспен көмкерілген балалар кітаптарымен танысты. Балалар кітап оқуын қолдау, балалар жылына басылып шыққан көптеген балалар шығармалары оқырман-балалар мен ата-аналардың сұранысына ие болды. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері көрмедегі кітаптарға үзбей ұсыныс-дайджест жасап, қысқаша мазмұны жайлы айтып, таныстырып, викториналық сұрақтар қойды. Жауап берген балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратылды.
Көптеген балалар оқырман болып жазылуға ұсыныс білдірді.

INSTAGRAM
FACEBOOK