«Желбіреген көк байрағы елімнің» атты елтану сағаты.

                                         

 

Аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі 4 – маусым Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Желбіреген көк байрағы елімнің» атты елтану сағатын өткізді. Шараға Ш.Шөкин атындағы жалпы білім беру орта мектебінің «Жалын» жазғы лагер тынығушылары қатысып, әнұранның орындалуымен бастау алды. Шараның мақсаты: елдік рәміздеріміздің мемлекет үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық екендігін, бұл байлықты әрбір «Мен қазақпын» деген азамат ардақ тұтуы керек екендігін паш ету.

 

INSTAGRAM
FACEBOOK