2018 жылы шілденің бірінші жексенбісінде «Ұлттық домбыра күні» болып белгіленді. Игі бастама… рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қолға алынды. Халықтың шежіреге бай музыкалық аспабы осылайша, көпке үлгі болмақ. Домбыра – қазақтың туа бітті рухы. Ата-баба аманаты. Көненің көзі. Қазақтың салт-дәстүрін насихаттауға өзіндік үлес қосқан киелі аспап.Өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытып, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу. Жас өрендерді дәстүріміздің ажырамас бөлігі – музыка өнеріне баулу мақсатында: Аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен «Нағыз қазақ… қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» атты жас оқырмандардың қатысуымен тарихи медиа саяхат өткізілді.