«Кешкі кітапхана» жобасы. «Менің мамандығым, менің болашағым» атты  әңгіме-сұхбат.

Мамандық таңдау-адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен біреуін таңдау міндеті тұрады. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс. Оқырмандарға мамандықтар туралы көзқарасын дамытып, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу мақсатында   4 тамыз Қалмұқан Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Менің мамандығым, менің болашағым» атты  әңгіме-сұхбат өткізілді. Шараға студенттер және биыл 11 сынып бітіруші түлектерде қатысып, өзара пікір алмасты. Мамандық таңдауда оқушылардың ойын, алға қойған мақсаттарын білу үшін түрлі сұрақтар қойылды. Сұрақтарға оқушылар нақты жауап беріп, өз ойларымен бөлісіп отырды. Шара соңында «Қазақстанда қай мамандық сұранысқа ие» атты бейнеролик көрсетілді.

 

INSTAGRAM