«Тіл – баға жетпес мұра» атты әдеби танымдық кеш.

Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы. Сондықтан сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ деп білеміз. Тіліміздің мерейі арта берсін!
Қазақ тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, тілді құрметтей білуге насихаттау мақсатында Майқайың кітапханасында М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларымен бірлесе «Тіл – баға жетпес мұра» атты әдеби танымдық кеш өткізілді.

 

INSTAGRAM