Жұмат Шаниннің туғанына 130 жыл толуына орай «Кәсіби театр ұғымын әкелген тау тұлға» атты ақпараттық танымдық кеш.

Қазақ халқының  театр өнерін дамытуда  Жұмат Шаниннің еңбегі ұшан теңіз. Қазақтың біртума перзенті  ұлт театрының негізін қалап,  кәсіби  тұрғыда қалыптастырып, сахналық-шығармашылық жағынан өсу жолында зор еңбек сіңірді. 17 тамыз Қалмұқан Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен  режиссер, драматург, актер, қазақтың ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ АКСР-інің халық артисі  Жұмат Шаниннің туғанына 130 жыл толуына орай «Кәсіби театр ұғымын әкелген тау тұлға» атты жастармен ақпараттық танымдық кеш өткізілді. Аталған іс-шарада Жұмат Шаниннің өмір жолы, еңбек жолы, адам өміріндегі театрдың атқаратын рөлі  жайында  насихатталды.

 

INSTAGRAM