«Имандылық – ұлттық әрбие негізі» атты кездесу кеш өткізілді.

Имандылық – ұлттық тәрбиенің негізі, адам бойындағы қадыр -қасиеттің бірі болып саналады, жас ұрпақтың тәрбиелі, адамгершілігі мол, ұлттық тәлім – тәрбиелі болып қалыптасуына қоғам алдында тұрған мақсатының бірі. Осы мақсатпен Үшқұлын ауыл кітапханасы мен клуб ұжымының ұйымдастыруымен «Имандылық – ұлттық әрбие негізі» атты студенттер мен жоғарғы сыныпқа баратын оқушылардың, Майқайың мешітінің бас имамы Бодаубек қажы Солдатұлының қатысуымен кездесу кеш өткізілді. Шара барысында Бодаубек қажы имандылық, адамгершілік жөнінде қатысушыларға айтып, әңгімелеп түсіндірді, қатысушылар мұқият тыңдап, қызығушылық танытып, арасында сұрақтарының жауаптарын алып отырды. Кездесу жастарға жақсы әсер берді.

 

INSTAGRAM