«Ана тілі – жүрек үні» атты зияткерлік сайыс.

5-ші қыркүйек – «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай Сәтбаев ауыл кітапханасы мектеп кітапханашысы Бақытжамал Сыздыковамен бірлесіп Шадыра ЖОББ мектебі оқушыларының қатысуымен «Ана тілі – жүрек үні» атты зияткерлік сайыс өткізді. Жас оқырмандардың өз тіліне деген құрметі мен тіл туралы білім деңгейі сыналған шара негізінен мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтату, жас ұрпақты туған тілін құрметтеуге үйрету, олардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамытуды мақсат етті. Сайыс 4 кезеңнен тұрып, түрлі деңгейдегі тапсырмалар берілді. «Сайыс» десек те бүгінгі шарада жеңгендер мен жеңілгендер болмада. Барлық қатысуышлар тең түсті. Бастысы ортақ мақсат – тіліміздің тұғырын көтеріп, мәртебесін асқақтатуда бірлесіп зор еңбек атқарылды.

 

INSTAGRAM