«Дара тұлға» атты таным сағаты.

Шоманкөл ауыл кітапханасында Алаш қайраткері, ғалым, ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына көрме ұйымдастырылып, «Дара тұлға» атты таным сағаты Шоманкөл бастауыш мектебінің оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен өткізілді. А. Байтұрсынұлының өмірбаяны және шығармаларымен таныстырылып, тарихи тұлғаның «Қасқыр мен қозы мысалын жас оқырмандар оқу арқылы бейнеледі. Мектеп мұғалімі Дана Бейсембаева оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, шара соңында мектеп оқушылары сұрақ-жауапқа белсенділік таныта білді.

 

INSTAGRAM