Ұзынбұлақ ауыл кітапханасы. «Шығармашылыққа толы кітапханалық шаралар» атты сахналық қойылым.

Оқырмандарға уақыт ағымына сай қызмет көрсетемін деген әр кітапханаға инновациялық қызмет түрлерін пайдалану тән құбылыс. Осы бағытты алға қоя отырып: «Оқуды алға жылжытудағы кітапхана жұмысының заманауи түрлері» атты семинар Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында ауыл кітапханашыларының қатысуымен кәсіби-тәжіриебелік семинар өткізілді. «Шығармашылыққа толы кітапханалық шаралар» атты тақырыбымен Ұзынбұлақ ауыл кітапханасының кітапханашысы Ақылбекова Жанна өзіннің жұмыс-тәжіриебесімен таныстырып, сонымен қатар мемлекет қайраткері А.Байтұрсынұлының 150-жылдығына арнап, шығармашылығынан тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Қасқыр мен қозы» мысалынан көрініс және «Сот үрдісінен көрініс» атты сахналық қойылым көрсетілді. Орталық аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің кітапханашысы «Жасөспірімдермен кітапханадағы жаңашылдық:ізденіс және тәжірибе» атты тақырыбымен Құсайын Зарина балалармен атқарылған жұмыстарымен таныстырып өтсе, Егіндібұлақ ауыл кітапханашысы Сарыбаева Бибісара «Кітапханадағы үйірме жұмысы» атты өзінің үйірме жұмысымен таныстырып, көрсетіп өтті. «Кітапхана оқу және пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптасу орталығы» атты тақырыбымен орталық кітапхананың әдістеме бөлімінің меңгерушісі Айтмагамбетова Гүлжамал жалпы кітапхана жұмыстарын барынша жан-жақты болуына әсер ете отырып, кітапханашылардың білікті маман ретінде қалыптасуына, шығармашылық бастамаларын дамытуға, өздерінің «сара жолын» табуларына ықпал ету, тиімді кеңестер беріп білікті кітапханашы болу, кітапханашылар шығармашылық ізденістерге талпыну жайлы айтып өтті. Сонымен қатар, әдістемелік құралда кітапхана маманына
арналған жаңа бағыттағы сценарий, инновациялық жұмыс формалары кітапханашыға жаңа бағытта жұмыс жасауына
көмек болады.Кітапханашылардың кәсіби деңгейін көтеруде әртүрлі
әдістер мен формаларды қолдану, кітапханашы мамандығының
мәртебесінің өсуіне, оқырмандарға қызмет көрсету сапасының
жоғарлауына, шығармашылық ынтасының дамуына мүмкіндік
туғызады.
Кітапханалар әрқашан сенімді де сапалы ақпарат көзі болып қала бермек.

 

INSTAGRAM