«Сен білесің бе?» атты сұрақ жауап сайысы.

Қ. Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі «Оқы. талқыла, суретте» оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Сен білесің бе?» атты сұрақ жауап сайысын ұйымдастырды.
Мақсаты: Балалардың тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, логикалық қабілетін, танымын дамыту. Еліміздің болашақ ұрпағы біліммен сусындаған, тапқырлығын тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, кітапты сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа, сыпайы қарым-қатынас жасай білуге, үлкен-кішіні сыйлауға тәрбиелеу.
Шара барысында «Қайсар» және «Дарын» атты 2 топ қатысып, балалар қызықты тапсырмалар берілген төмендегі аялдамалардан өтті:
1. Жасырын ертегі
2. Кім тапқыр.
3. Осы өленді білсен биле
4. Ертегідегі әнді тап.
Қайсар командасы барлық кезеңдерден жақсы өтіп, жеңіске жетті. Жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар берілді.
Шара соңында оқырмандар «Кітаппен бірге жаңа әлемді ашамыз» атты кітап көрмесімен танысты.

 

                         

 

INSTAGRAM

FACEBOOK