«Құрметтейік кітапты!» тақырыбында библиосабақ өтті.

Қ. Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде «Құрметтейік кітапты!» тақырыбында библиосабақ өтті.
Ш.Шөкин орта мектебінен келген оқушыларға алдымен кітапхананың тыныс-тіршілігі таныстырылып, оқырман ретінде жазылу, кітап алу тәртібі түсіндірілді. Сөз арасында кітапханашылар кітапқа құрмет көрсетілу керектігіне баса мән берді. Кітап парақтарын бүкпей, жыртпай, қалам-қарындашпен жөнсіз шимайламай, ұқыпты да таза ұстау керектігін айтты. Қорымызға жыл басында қосылған жаңа кітаптармен бірге фотоға түсіп, осылайша өзге оқырмандарды кітап оқуға үндеді. Және кітапппен дос болуға шақырды.

 

 

INSTAGRAM

FACEBOOK