Ақсан ауыл кітапханасында «Кітапханаға саяхат» өткізілді.

Ақсан ауыл кітапханасында «Кітапханаға саяхат» өткізілді. Аталмыш іс – шараға Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы білім беру мектебінің жанындағы «Нұрсәуле» шағын орталығының бүлдіршіндері мен тәрбиеші Темирбекова Жанар, және мәдениет үйінің ұйымдастырушысының қатысуымен болды.
Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Сондай – ақ іс – шара барысында бүлдіршіндердің назарына ертегі кітаптар, көркем суреттелген кітаптар ұсынылды.
Кітапхана есігі әрдайым оқимын, білгім келеді деген оқырмандарымызға үнемі ашық.
Бәріміз кітаппен дос болайық!!!

https://www.instagram.com/p/CjiQNJPNghT/?utm_source=ig_web_copy_link