«Журнал сенің сенімді серігің» мерзімді басылым беттеріне саяхат.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қ. Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі Ш.Шөкин атындағы орта мектептің даярлық сынып оқушылары үшін «Журнал сенің сенімді серігің» мерзімді басылым беттеріне саяхат жасады.
Мақсаты: балаларды «Мерзімді басылымдар» ұғымымен, осы басылымдардың түрлерімен, олардың әртүрлілігімен таныстыру.
Кітапханашы кітапхана қорындағы «Алақай, балақай», «Балдырған», «Ақылдым», «Сиқырлы әлем», «Алан KIDS», «Аюка», «Мөлдір бұлақ», «Балалар әлемі» мерзімді басылымдарының тамашалығын атап өтті.
Балалар журналдарды парақтап, алған әсерлерімен бөлісіп, журнал беттерінде жарияланған ойындарға белсене қатысып, сол арқылы өздерінің тапқырлықтары мен білімпаздықтарын көрсетті.
Іс-шара өте мазмұнды және қызықты өтті.

 

 

INSTAGRAM

FACEBOOK