«Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным» атты тарихи саяхат.

Қ. Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі 25 қазан – Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным» атты тарихи саяхат ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
Шараға Ш. Шөкин атындағы орта мектептің 1 «а» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Рахима Хасанқызы қатысты. Оқушылар өздерінің мерекеге арналған өлең жолдарын оқып, викториналық сұрақтарға белсене қатысты.

 

           

 

 

INSTAGRAM

FACEBOOK