«Кітап – нағыз керемет әлем».

Қ. Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі

«Кітап – нағыз керемет әлем» тақырыбында 3 сынып оқушыларына кітапханада саяхат өтті.

Мақсаты:  оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоғамымыздың ертеңі болар ұрпақ тәрбиесінде ата-аналар мен балалардың сенімді серігі кітапты оқуға баулу, кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Іс-шараға №2 мектептің  3 «А» бастауыш сыныбының жетекшісі Нүргүл Хасенқызы оқушыларымен кітапханаға саяхат жасады.  Балаларға кітаппен дос болыңдар, кітап оқыңдар -деп кітапханашы ақыл кеңесін берді. Балалар сиқырлы кітап әлеміне қуана енді. Оқушыларға кітап үйі, кітапхана ережелері туралы айтылып, көрмелермен таныстырылды, сонымен қатар балалар бөліміне түскен жаңа кітаптармен таныстырды. Оқушылар балаларға  арналған кітаптар мен журналдарды, парақтап сүреттерін тамашалады

 

INSTAGRAM