«Энциклопедия, сөздіктер –айнымас анық көмекшілер».

Энциклопедиялар – көркем суреттермен безендіріліп, қызықты деректер балаларға түсінікті және жеңіл түрде жазылған. Әр энциклопедия балалардың әр нәрсені білуге деген әуесқойлығын қанағаттандырып қана қоймай, табиғат құбылыстарының құпияларын жете түсіндіріп береді.
Қ. Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Шөкин атындағы орта мектептің 1 – сынып оқушыларымен «Энциклопедия, сөздіктер –айнымас анық көмекшілер» – атты қызықты хабарлама сағаты өткізілді.
Балалар үлкен қызығушылықпен 4D энциклопедиялармен танысып, планеталарды бақылап, ғарыш туралы қызықты әңгімелерді тыңдады, миллиондаған жыл бұрын жер бетінде өмір сүрген жанды динозаврларды тамашалады. Адам ағзасының қалай жұмыс істейтінін көріп, жүрек қағысын тыңдады.

 

INSTAGRAM